08.06.2021
  744


Автор: Жібек Ысқақова

ТІЛЕК-БАТА

Амандықта ата берсін таңымыз,


Аман болып жақынымыз, барымыз.


Жүректерде  үміт оты сөнбесін,


Жұлдыздайын  жанып әркез  бағымыз.


 


Әрбір үйде тек жақсылық орнасын,


Алла қолдап  жамандықтар  болмасын.


Әр күніміз шуағын  шашып күлімдеп,


Бақытты  күндер  таба берсін жалғасын.


 


Әсем әуен әрбір үйді тербесін,


Жаман күнін Алла бізге бермесін.


Бар жақсылық, қуаныштар орналып,


Теріс ойлы жандар бізге келмесін.


 


Соға түссін, соға берсін бұл жүрек,


Қара бұлттар төнсе де бізге  күркіреп.


Бұлттан кейін шайдай аспан ашылар,


Сәттілігін  арнап  бізге күлімдеп....


 


Жібек Искакова  





Пікір жазу