07.06.2021
  200


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАЗАҚСТАНЫМ



Атырау, Алтай арасын нұрлы еткен,
Құлпыратын гүлдей боп ерте көктем.
Менің елім ең мықты, қазақ елі,
Жеті құрлық ішінде мекен еткен.
Мөп-мөлдір боп баулиды өзен суы,
Орманы мен көк шалғынын желбіреткен.
Жер астында байлығымыз қызықтырар,
Келсе бізге туристер, шетелдіктер...

Бұл менің елім, Қазақстаным,
Бұл менің елім, Ғажапстаным.
Жеті құрлықта, өзіңдей ел жоқ,
Өзіңде биік, самғап ұшамын!

Астанамыз Нұр-Сұлтан тәй-тәй басқан,
Елордамыз Астана, аты дастан.
Алматымыз өнердің ордасы ол,
Жұлдыздары аспанында жымыңдасқан.
Шымкентім бар, Түркістаным оңтүстікте,
Көрші болып, достықта қол алысқан.
Солтүстік пен Батысым, Шығысым бар,
Батылдықтың  арнасында қалыптасқан.

Жастарым бар, қазақтықты жоғалтпайтын,
Білімі мен ілімі баршаға айқын.
Таң қалдырар жастар көп бар әлемді,
Қазақ елін төменге қаратпайтын.
Дәл осылай мінекей қазақ елі,
Құр бос сөзді айтуды жаратпайтын.
Ұлтшыл, адал елімізде әр азамат,
Еліміздің құпиясын таратпайтын!
Жібек Искакова




Пікір жазу