05.06.2021
  365


Автор: Жібек Ысқақова

МАҚАЛДЫ ШУМАҚТАР

"Қырық үйден тыйым болар қыздарға",
Сөз төркінін түсінген жан ескерер.
"Анасын көріп қызыл ал",- анасына,
Сөз келеді, қате басса қыз егер!

"Ұлдың жолы ұлы жол"-қателеспе,
Ел бастайтын, қорғайтын туған жерін.
"Ерлер тұрар бір саты жоғарыда",
Сыйлау керек құрметтеп әйел ерін!

"Балалы үй базар" болар, бала болсын,
Балаларды аялайтын-Ана болсын!
Үйдің сәнін, өмірдің мәнін келтіретін,
Бала-шаға ағайын аман болсын!

"Әке-Асқар тау, Ана-бұлақ",
Бала шаға жайқалған болар құрақ.
Ата-ананы қадірлейік бар кезінде,
Кеш боп кетсе өкінерсің сосын бірақ!

"Қарты бар үйдің қазынасы" бар болады,
Бақ-береке, ынтымақ, бірлік кеп толады.
Сыйлай білсек ата-әжені кем болмаймыз,
Батасымен көгереміз, бақ қонады!

"Еңбек етсең емерсің",- нанын жейсің,
Жақсы көріп, бұл жұмысым бағым дейсің!
"Еріншектің ертеңі таусылмайды",
"Ертең барам жұмысқа"....тағы үндейсің!

"Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам",
Өтіріктің жолы болмас ешқашанда.
"Өтірік өрге баспайды", көңіл солар,
Шындық болсын, шыншыл бол әрқашанда!

"Отан-деген отбасынан басталады",
Әр отбасы кішігірім бір мемлекет.
Отбасында сыйластық пен бірлік болса,
Жоламайды елімізге еш бәлекет!




Пікір жазу