03.06.2021
  467


Автор: Жібек Ысқақова

АБЖАЛ ЖАНДАР


Маза қашып, сырқаттансақ көмек берер,
Мейрім төгіп, сырқатыңды емдеп берер.
Ақ халатты абзал жандар сіздер барда,
Қазақ елі қиындықтың бәрін жеңер...

Балалардың дәрігері, шыдамды жан,
Бала тілін жүрегімен бірге ұғынған.
Ақ халатты абзал жандар арқасында,
Балалы үйде қуаныш тек, күнде думан.

Есту, көру, сезіну бар барлық жанда,
Қуанышын, нұрын шашар барлық жанға.
Бұл маманды иеленген дәрігерлер,
Шаттық пенен бақыт сыйлар әрбір жанға.

Бүйрек, бауыр, өкпені емдер дәрігерлер,
Науқасы үшін қолындағы барын берер.
Қиын сәтте науқасымен бірге болып,
Ота жасап, қиындығын бірге жеңер.

Тағы да бар, жүректі емдер дәрігерлер,
Жүрегімен науқасты ұғып, қолдап демер.
Психолог дәрігер бар жанды емдейтін,
Шыдамдылық тұмарын алып берер.

Медбикелер қасында жүрер дәрігердің,
Нұсқаулықпен науқастарға жасар емін.
Рахмет көп, медбикелер қауымына,
Таусылмайды, сарқылмайды сізге сенім.

Осы жандар,  жанымызды гүлді ететін,
Осы жандар таңымызды нұрлы ететін.
Жасай берсін, Ақ халатты абзал жандар,
Көмек етіп, бұл өмірді құнды ететін...

Ақ халатты абзал жандар көп рахмет,
Әрқашанда сіздерге,  бізден құрмет.
Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,
Бар жақсыны тілейміз біздер үндеп...

Түркістан қаласынан:
             Жібек Искакова




Пікір жазу