03.06.2021
  336


Автор: Жібек Ысқақова

ДОМБЫРА КҮНІМЕН


Күй ойнайды-домбыраның үнімен,
Жыр толғайды-домбыраның бірімен.
Домбырашы, домбыра сүйер жандарды,
Құттықтаймын домбыраның күнімен.

Жасай берсін домбырасы қазақтың,
Болмасын еш, қуғындалар азап күн.
Бұл домбыра қазағымның айнасы,
Көңіл күйін көрсетер барша қазақтың.

Домбыра барда қазақтығым жайқалар,
Ата-баба мұрасы сөнбес, байқалар.
Әрбір қазақ үйінде тұрса домбыра,
Жандүниеміз шаттықта болып, жай табар.

Домбырамен ат үстінде ән айтқан,
Домбырамен айтыс жасар әр жақтан.
Ұлттық өнер иесі біздің домбыра,
Жан дүниеңе азық берер жан-жақтан.

Қазақ елі құтты болсын бұл бір күн,
Домбыраның шарықтап шығар үнінің.
Әсем әуен шырқала берсін әр жерден,
Әуелеткен домбыраның, жырының.

1-шілде домбыра күні құтты болсын!

Жібек Искакова




Пікір жазу