03.06.2021
  181


Автор: Жібек Ысқақова

АНАЛАР, АРУЛАР МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!


Нұрын шашып, есік ашып келген көктем,
Қуанышпен, шаттығымен енген көктем.
Ақ жаулықты аналар мен аруларға,
Гүл шоқтарын ықыласпен берген көктем.

Құтты болсын көктемнің мерекесі,
Ақ жаулықты аналарым мейірімді.
Бар жақсыны арнайтын баршамызға,
Сезінеміз кең дархан пейіліңді.

Апаларым, әжелерім жеңгелерім,
Өздеріңе айтыңызшы тең келер кім?
Бар бақытын сыйласын гүлді көктем,
Шуақ шашып жылуымен тербелер күн.

Әпкелерім, сіңлілерім, аруларым,
Гүлдей жайна, жадыра, жансын бағың.
Жүздеріңде нұр ойнап әрқашанда,
Қуанышпен арайлы атсын таңың.

Келіндерім жайнаңдар гүл көктемдей,
Отбасыға қуаныш, нұр сепкендей.
Өздеріңмен көңіліміз жайма шуақ,
Айналаны құлпыртып гүлді еткендей.

Шуағына бөлесін гүлді көктем,
Сәттеріңіз көп болсын бақытты еткен.
Ақ тілектер орындалып Алла жар боп,
Күндеріңіз көп болсын нұрын төккен.

Жібек Искакова




Пікір жазу