03.06.2021
  372


Автор: Жібек Ысқақова

ЕҢСЕҢДІ КӨТЕР, БҮГІЛМЕ ҚАЗАҚ!

Еңсеңді көтер, бүгілме Қазақ

Еңсеңді көтер, бүгілме-Қазақ,
Қиындық сәтте түңілме-Қазақ.
Жақсыға ұмтыл, жақсылық ойла,
Жеңесің бәрін, болады ғажап...

Сыйластық пенен бірлігің барда,
Ынтымақты етер тірлігің барда.
Ақылға салып жасасақ істі,
Ала алмас бізді көрінбес жауда.

Ұстайық қане сенімді биік,
Берілмей біздер қалсақта күйіп.
Үміттің жібі үзілмей ешбір,
Дұға етейікші басты бір иіп...

Қазағым сенсің, ғажабым сенсің,
Таусылмас, бітпес базарым сенсің.
Басыңа қандай бұлт үйрілсе де,
Жеңетін бәрін, ажарым сенсің...

Ұрпағы біздер даналы елдің,
Намысы биік, бағалы елдің.
Біргеміз біздер, іргеміз биік,
Оң болсын басқан қадамы елдің.

Оралар бізге шаттықты күн де,
Тойлаймыз әле шаттықты бірге.
Бастысы елім амандық болсын,
Жаратқан ием жар болып бізге...
Жібек Искакова




Пікір жазу