03.06.2021
  298


Автор: Жібек Ысқақова

ШЫДА, ШЫДА (М. Мақатаев өлеңінің желісімен)

ШЫДА, ШЫДА
( М.Мақатаев өлеңінің желісімен)

Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы,
Күйгелекті мына өмір құлатады.
Сабырлықты сақтасаң, төзімді боп,
Жақсылықтың атады құла таңы.

Қиындықтар болса да тамыр терең,
Деп ойлағын: "оны да мен бір жеңем",
Көтеріп тұрып, құлатар бір сәт демде,
"Бірде ащы, бірде тәтті өмір"- деген...

Кетпесін деп тілесең өмір зая,
Дұға тіле қанекей қолды жая.
Сабырлықты сақтағын, сынға сынбай,
Қарсы тұрғын дауылға, тауып сая.

Өкінбегін, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір солай, болмайды түңілуге.
Сынағын берсе қасқая қарсы алғын,
Сынға сынып, болмайды бүгілуге.
Құласаң да, сүрініп өмірден бұл,
Тұрып қайта, қақың бар жүгіруге...

Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шындық осы, осылай қабылдағын.
Өз өзіңді іштей жеп, кеулеп жанды,
Уайымдап сен, қайғы-мұңға салынбағын.

Шыда, шыда, шыдай түс, жалындағын,
Кең дүниеде қысылып тарылмағын.
Қиындықтан шығатын жолды тауып,
Сабырлықпен алға қарай адымдағын.

Жарқыраған аспандағы жұлдыздайын,
Алла жар боп лайым, жансын бағың.
Бұлттан кейін жарқырап күн де шығар,
Күлімдей түс қанекей, жайнап жаның...
Жібек Искакова




Пікір жазу