01.05.2021
  170


Автор: Мұратхан Шоқан

Қара энергиялы адамдардан ауаша жүр...

1.Бақытты болудың төте жолы – өзін бақытты сезіну. Өзін бақытты сезінген сезінісін бақыттымын деген сөзге айналдыру.

2.Бақытсыз болудың төте жолы – өзін бақытсыз сезіну. Өзін бақытсыз сезінген сезінісін бақытсызбын деген сөзге айналдыру.

3.Мүмкіндігіңше қара энергиялы адамдардан ауаша жүр. Қара энергиялы адамдар саған сырын айтып, үнемі мұңын шағып сенің аяушылық сезімдеріңді тонап, шаршатып құр сүлдеріңді қалдырады. Қара энергияалы адамдардың ең қауіпті тәсілі бейшара болып көріну...

4.Халқым дегендердің бәрі халыққа пайдалы жандар емес. Мен халықшылдарды екі топқа бөлемін.
(1)Құдайдың мейірі түскен, кемдік көрмеген, ухы биік басқалармен бөлісетіні барлар. Бұлар – шын мәнінде халыққа пайда жеткізетіндер.
(2)Құдайдың мейірінен қағылған, кемдік көрген, рухы әлсіз басқалармен бөлісетіні жоқтар. Бұлар – халықшыл болып көрініп халыққа зиян жеткізетіндер...

5.Құдай ақ түспен қара түсті қатар жаратқан. Ақ түс кірлеп қарайса ағартуға болады. Қара түсті қанша жусаң да ағарта алмайсың. Құдай жаратқан қара түсті ағартам деу – ақамақтық. Құдайға қарсылық жасап жүрген жоқсың ба, қимыл-әрекетіңді тексеріп отыр!





Пікір жазу