23.10.2023
  59


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Журналистер құтты болсын мереке

Журналистер дегеніміз қоғамдағы болып жатқан оқиғалар мен түрлі ақпаратты халыққа жеткізетін маман иелері. Бір журналистиканың өзіңде көптеген бөлінетін салалары бар. Жалпыламай айтқанда бұқаралық ақпараттар деп айтады. Журнал мен газеттің тілшілері жазбаша сөзге шешен болса, телеарнадан үн қататын журналистер жазбашаға да, ауызшаға да жақсы болады. Олар ел алдында өздерін ұстауды жетік менгерген мықты мамандар болып табылады. Экран алдындағы жүрісі мен тұрысының өзі телеарнаны көріп отырған көрерменге әсер етіп, баурап отырады. Онда тілшілер өз істерін жетік менгерген, машықтанған тұлғалар.
Біз жазылған мақаланы мықты жазылған деп жарты сағат ішінде оқып шыққанымызбен ол мақала қалай жазылды, қандай керек мәліметтер жиналды, оған қанша уақыт кетті деген сияқты сұрақтар туындайды. Әрине мұның бәрі еңбек, бәрі ізденіспен келеді. Сол сияқты телеарнаның тілшілері пен радионың тілшілері де бір эфирге шығуы үшін қаншама дайындық жасайды. Үлкен еңбек пен қажырлы шыдамдылықты талап етеді.
Қәзіргі таңда бәсеке бар, яғни бір-бірімен жарысқан заман емес пе, мықты журналистерді көріп жас журналистер солардан үлгі алып, бой түзейді, ой түзейді. Тіпті үлгі тұтқан адамынан да мықты болып алға шығатын журналистер де жоқ емес. Елімізде осындай мықты да талапты, талантты, білімді де білгір журналистер көптеп шыға берсін!
Ендеше елдің қамын ойлайтын, ақ сәлемін жолдайтын, бар жақсыны таңдайтын тілшілер қауымның мерекесі «Журналистер күні» құтты болсын!





Пікір жазу