23.10.2023
  58


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Құттықтаймын бүгін тілші күнімен

Құттықтаймын бүгін тілші күнімен,
Нұр ойнайтын күлімдеген жүзінен.
Биікке өрле адал еңбек жолында,
Бар қуаныш сезіліп бұл үніңнен!

Журналистер, тілшілері елімнің,
Алғысына бөлене бер жерімнің.
Мерейіңіз үстем болып тілшілер,
Арта берсін өздеріңе сенімің!

Жанданыңыз журналистер күнінде,
Жұлдызыңыз жарық шашып түніңде.
Әр күніңіз сәттілікте жалғасып,
Бар қуаныш орын алсын жүзіңде!





Пікір жазу