20.10.2023
  233


Автор: Энергетик күні

Қымбатты энергетик - әріптестер!

Энергетиктер мерекесімен құттықтауды қабыл алыңыздар! Энергетик күні - біздің кәсіби мерекеміз. Энергетика – Ел экономиканыңең маңызды саласы. Бұл сала отанымыздың экономикасының флагманы болып табылады, сондықтан әрқашан энергетика саласындағы әріптестер жоғары құрметке және жоғары қоғамдық мәртебеге ие. Бұл салада жоғары білікті мамандардың қызмет атқаратыны белгілі.


Энергетиктер мерекесі өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен бірге – энергетиктердің аға буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау болып табылады. Бұл – Қазақ елінің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өзінің барша өмірін арнаған мамандардың мерекесі.


Сіздердің жан аямай жасаған кәсіби еңбектеріңіз еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестікке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздікті күшейту сияқты Қазақстанның алдында тұрған өте маңызды мәселелерді шешуге мол мүмкіндік туғызды. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен білімдеріңіз – энергетикалық саланың сарқылмас күші екені хақ.


Құрметті энергетик әріптестер!


Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық, сарқылмас қуат, кәсіби өсу мен өркендеу және алға қойған мақсаттың биік шыңына жетуде табыстар мен жетістіктер тілеймін!


Сіздерді осы мерекемен – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!


 


Мерекелік сәлеммен,


Атомдық және энергетикалық


қадағалау мен бақылау Комитетінің


Ақмола облысы бойынша аумақтық


департаментінің басшысы


Жаслан Қасенов.





Пікір жазу