19.10.2023
  29


Медиация – дауды соттан тыс шешудің тиімді тәсілі

Медиация қазіргі таңдағы дауды шешудің баламалы тәсілінің бір түрі болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында төрелік және медиация пәні оқытылады. Бұл пәннің  заңгерлер үшін де қарапайым халық үшін де маңызы зор. Себебі, біз медиацияның арқасында дауды тиімді шешудің жолын қарастыра аламыз.


Елімізге медиацияның заңды түрде енгізілгеніне шамамен 12 жыл болса да, әлі күнге дейін халқымыздың көпшілігі дауды шешудің бұл тәсілінен бейхабар десек те болады. Дегенімен, бұл тәсіл біздің қанымызға ерте заманнан енген, себебі, бұрынғы билер медиатор қызметін атқарған деп айта аламыз.


Дауды делдал, яғни медиатор арқылы шешудің тиімділігі біріншіден, бұл процесс барысында дауды сотта шешкеннен әлдеқайда аз қаражат кетуінде. Екіншіден, медиацияның сотта іс жүргізуге қарағанда уақыт тұрғысынан тиімділігі. Үшіншіден, дауды шешу барысында екі тарапты да қанағаттандыратын, екі тарапқа да тиімді шешімге келуі болып табылады. Осылайша біз медиацияның әлдеқайда тиімді екенін біле аламыз. Дегенімен, арнайы заңи білімі жоқ, қарапайым халықтың бұл тәсілмен таныс еместігі медиацияның одан әрі дамуына біршама кедергілер тудырады. Сол себептен де халыққа медиацияның тиімділігі туралы көптеген іс-шаралар өткізілетін болса, алдағы уақытта бұл тәсілдің халық арасында қолданылуы көбейіп, соттардың жұмысы жеңілдей түседі деген қорытындыға келе аламыз.


 


 


Атаханова Салтанат Карибаевна


     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті,


азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы


кафедрасының доценті.


 


Заң факультетінің студенті Серікбай Аружан


 


 


 





Пікір жазу