18.10.2023
  39


Қарттарымыз - асыл қазынамыз

Халықаралық қарттар күні — бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл — жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. 


 


Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. 


 


Қазіргі таңда елімізде әр түрлі акциялар мен іс-шаралар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Сол жандардың бірі ҚазҰУ заң факультетінің ұстаздары мен студенттері .«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті», – деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы біздің факультет ұстаздары  мен студенттері бізге қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген көмегін үйретіп үлгі беру барысында , өткен қарттар күніңде осыған орай ҚазҰУ заң факультетінің мұғалімдерімен бір топ студенттері қарттар үйінде болып қайтты. Кафедра студенттері өздерінің қойылымдарын қойып, ән шашуларын арнады. Соңына қарай қарттардың беттерінен күлкі мен бақытты байқалғандай болды. Қарт ата-апалар студенттерге бата-тілектерін берді. «Аз ғана ғұмырының бір күнін бақытты сәттерге айналдырғанымызға, пайдамыз тигеніне бәріміз қуандық. Келу мақсатымызда осы да болатын. Қиындықты көп көрген ата-әжелеріміз ешқашан жыламаса екен. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдындағы адамдық парыз-міндетің өлшеусіз. Қазақ үлкеннің сөзін екі етпейтін, алдын кесе өтпейтін кішіпейіл халық, сондықтан, қариялар тілегі ескерусіз қалмас деп сенеміз» деп студенттеріміз өз ішкі сезімін білдірді.


 


Осылайша, ҚазҮУ заң факультеті мейірімділік пен қайырымдылықты , үлкенге деген құрметті үлгі ете отырып білімдіде ізгілікті жастар тарбиелеуде. Қайырымды іспен айналысып жүрген жандардың сауапты істегі қажыр-қайраты мұқалмасын дейміз.


 


 


                                                                              Әл-Фараби атындағы


                                                                              ҚазҰУ заң факультеті


                                                    «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс         жүргізу және криминалистика» кафедрасы    


                                                         Атаханова.Г.М


                                                         Қуатханова Аружан


                                                         Серікбай Алима


                                                         Ерланқызы Арайлым


 


 





Пікір жазу