17.10.2023
  71


Медиация – жаңа заман талабы

2011 жылдан бастап Қазақстандағы медиация дауларды соттан тыс реттеудің заңнамалық бекітілген рәсімі болып табылады. Қазақстан мен Американың медиациясын салыстыра отырып, олардың құқықтық жағынан әртүрлі реттелетінін түсінуге болады. Егер Қазақстан Республикасында барлық азаматтар үшін 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» заң реттеушілік функцияны атқарса, Америкада тек АҚШ-тың 10 штатында заңдастырылған  2001 жылғы «Медиация туралы Бірыңғай Акт» қолданылады. Медиацияның қалыптасу тарихын да салыстыруға болады. Қазақстандағы медиацияның бастауы би институты деп санауға болады. Себебі, ол - көшпелі қоғамның сот билігінің дәстүрлі нысаны, онда негізінен тұрмыстық сипаттағы даулар шешілді. АҚШ-та болса, ол еңбек қақтығыстарынан басталды. Сондықтан қазіргі заманғы медиация институтының негіздері 1940 жылдардың соңында кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы қақтығыстардың көбеюіне жауап ретінде қаланды және еңбек министрлігінің өкілдері делдал бола бастады деп санауға болады. Қазіргі уақытта Медиация пәні Қазақстанның жоғары оқу орындарында, оның ішінде Қазақ Ұлттық Университетінде оқытылады. Жастардың өмірінде туындайтын көптеген қақтығыстар мұғалімдер мен ата-аналардың көзқарасына түспейтіндіктен, бұл студенттерді медиация әдістеріне оқытудың өзектілігін арттырады. Медиация құралдарын меңгерген студент өз тәжірибесіндегі қақтығыстарды дербес және тиімді шеше алады, басқалардың дауларын шешуде делдал бола алады.


Атаханова Салтанат Карибаевна


Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті,


Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы


Кафедрасының доценті.


Заң факультетінің студенті: Қайратқызы Айман.





Пікір жазу