15.10.2023
  117


Автор: Әкім Ысқақ

СЕНІМ

Толқыған қатты теңізсің, жылытқан жанды лебізсің, ізгілікпенен егізсің, адамға деген сенімім! Жаныңды кейде жылатқан, жасыңды сүрткен жұбатқан, бақыт боп жеткен жырақтан, адамға деген сенімің! Кеудеме жарық бересің, үмітті жағып келесің, сүйреген өмір кемесін, адамға деген сенімім! Сенімсіз өмір жоқ мәні, сәулелі шақтың ақ таңы, көңілдің сенсің оттары, адамға деген сенімім!





Пікір жазу