15.10.2023
  113


Автор: Әкім Ысқақ

Бүгін міне басқамын

Бүгін мүлде басқамын,
Бұлыңғырлау аспаным!

Түсіме енсең түнде сен,
Елесіңмен тілдесем!

Әуені әсем бір ән ең,
Жүрекктегі тұмар ең!

Жанған отың көзіңде,
Жетелейді сезімге!

Өртенемін лебіңе,
Тұншығамын деміңе!

Жанарыңда жанғанда от,
Менде басқа арман жоқ.

Іздегенің, көктегің,
Жерде екен ғой көктемің!

Жанымдағы жыр айдын,
Шаттығым сен, шырайлым.

Елеңдеймін, тербелем,
Бар бақытым сен дер ем!

Болар еді тәтті күн,
Жолықсақ біз тап бүгін!





Пікір жазу