15.10.2023
  99


Автор: Әкім Ысқақ

Күнде сүйген күн жүзін

Күнде сүйген күн жүзін,
Қырдағы өскен қырмызым!
Жаратылған жаухардан,
Жарқырасын жұлдызың!

Жиып өмір гүлдерін,
Жылжып ағар күндерің.
Сезім сырын шерткенде,
Неткен ғана мұңды едің!

Әппақ нұрдай әлемің,
Таратады жан емін!
Көңіліме гүл таққан,
Бір ерекше ән едің!

Кірпігіңнің дірілін,
Ғажап дер ем, сыры мың!
Жылуы мол жұлдыздай,
Жарқырай бер тұнығым!!





Пікір жазу