12.10.2023
  95


Автор: Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні

Ауғаныстан қасыреті

Ауғаныстан қасыреті есте әлі,
Соғыс десе алаңдар адам жаны.
Кетті елден қаншама азаматтар,
Бұл соғысқа атойлап бірге бәрі.

Бірі қайтты соғыстан аман-есен,
Кейбіреуі кемтар боп көңіл бөтен.
Бірі кетті шейіт боп сол соғыста,
Топырағы бұйырмай, атамекен.

Батырлары ауғандық соғыстың бұл,
Жауларынан жасқанбай қатады үн.
Өмір жолың ұрпаққа өнеге боп,
Мәңгілікке тарихта қалады бұл....





Пікір жазу