11.10.2023
  98


Автор: Ұлттық ұлан күні

Ұлттық ұлан жауынгер

Қазақстандық ішкі әскерлерінің ел үшін деп жасап жатқан қызметтері орасан зор. Ұлттық ұлан атты атқа ие болған Қазақстандық жауынгерлерді еліміздің сақшысы, бұзақылардан сақтайтын күзетшісі десек те болады. Әрбір өңірдің Ұлттық ұландары айналасындағы болып жатқан жайттарды қадағалап жүреді. Яғни бір адам суға батып бара жатса сол адамның амандығы үшін ол адамды құтқаруға суға қойып кетеді. Олар өз өмірлері үшін, өз басына қатер төнеді деп ойланып та жатпайды. Жүректері елім дейтін, жерім дейтін Ұлттық ұландықтар нағыз машықтанған жауынгерлер. Олардың қатарына батыл жүректі, ел үшін қолынан келгенін жасайтын, тіпті ел үшін деп жандарын қия салатын жандар қосылады.
Ұлттық ұландар деп атының өзі айтып тұрғанындай, олар ұлтымызға қызмет етеді. Ұлтымыздың тыныштығы үшін күндіз-түні ел аралап, жарғақ құлақтары жастыққа тимей аяқтарынан тік тұрады. Олардың жасап жатқан еңбектерін бағалау әрбір қазақстандық азаматтар мен азаматшаларға парыз деп білем.
Сонымен қатар Ұлттық Ұлан мемлекеттік әскери шараларды және мемлекеттік объектілерді қорғауды, шетелдік делегацияларды қарсы алуды және шығарып салуды және басқа да мемлекеттік маңызы бар шараларды орындайтын әскерлер болып табылады. Олардың жүрісі мен тұрысы әздерінің саптык бой түзеулері мен шеберліктерін көрсетуі — Тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығын бейнелейді.
Бір сөзбен айтқанда Ұлттық ұландар, яғни Қазақстандық ішкі әскерлер еліміздің бет-бейнесін көрсететін жауынгерлік құрам. Олардың сапты түзеп шагтап жүруінің өзі адамды баурап алады. Қазақстандық жауынгерлердің еліміз үшін жасап жатқан қызметтерін толық атап айтар болсақ соңына жете алмай отыратынымыз анық. Сондықтан Ұлттық ұлан жауынгерлеріне, ұлттық әскерімізге тек қана сәттілік тілей отырып 10 шы қаңтар күні келетін мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел алдындағы абыройлары артып, мерейлері үстем бола берсін! Ұлттық ұлан жасасын, Қазақстандық әскерлер жасасын! Қазақ елі жасасын!





Пікір жазу