11.10.2023
  55


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Соңғы қоңырау (ән мәтіні)

Қоңырау соғылды соңғы рет,
Ұстаздар қоштасты мөлдіреп.
Біз үшін ең қымбат жандармен,
Қоштастық, ет жүрек елжіреп.

Қ-сы:
Аяулы мектебім сен менің,
Өзіңнен нәр алдым,​ көктедім.
Үйреткен бар сырын ғаламның,
Дәл сендей данышпан көрмедім.

Мың алғыс айтамыз ұстазға,
Білгенін үйреткен ұл-қызға.
Өмірін өткізген біз үшін,
Тәлімгер ақылды жандарға.

Бірге өскен достарды қия алмай,
Әр жаққа ұшамыз қиялдай.
Ұмытып кетпеңдер жан достар,
Кездесіп тұруға жиі алда!

22.05.2019





Пікір жазу