11.10.2023
  43


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Жабығу

Дым бітірмей астық-ау қырықтан да,
Көрсететін түгім жоқ, қызыққанға.
Бес-алты өлең жазыппын шалажансар,
Жүз шақтысы әзірге суық қолда.

Не үйім жоқ, ел сыйлар қызмет те жоқ,
Бес тиынға отырмын жазушы боп.
Көк теңгенің құлы болып, білім сатып,
Ноутбукке қараймын телміріп кеп.

Қу ақша-ай, соңыңнан қуа-қуа,
Жете алмадым көзжасым бетті жуа.
Киімі бар қатынды көрсе шошыр,
Замананың сиқына қара мына?!

11.10.2022





Пікір жазу