10.10.2023
  52


Автор: Гүлмекен Қасенбай

1 сыныптағы оқушы тілегі

Мектепке келіп ең алғаш,
Таныстым Ұстаз-Анамен.
Тәртіпті, жақсы оқитын,
Оқушы болам мына мен!

Арқалап кілең жұлдызша,
Жазамын, кітап оқимын.
Ұстаздың айтқан әр сөзін,
Санама терең тоқимын!

Үлгілі болып әрқашан,
Бетке ұстар шәкірт боламын.
Қазір-ақ есеп шығарып,
Мыңдықты алып-қосамын!

Талабым менің жоғары,
Білімнің шығам шыңына.
Ұстазым мақтан ететін,
Айналам елдің ұлына...!

Гүлмекен Қасенбай
26.08.2021





Пікір жазу