09.10.2023
  368


Автор: Еңбек күнi

Еңбек түбі — береке

Ия, қарап отырсақ қазақтың әр мақалы мән-мағынасына қарай айтылып отырған. Ал еңбек жайлы мақал іздейтін болсақ тіптен көп. Сондай мақалдардың бірі: «Еңбек түбі береке» деген мақал. Бұл мақалдың мағынасына үңілер болсақ еңбек етсең береке табасың дегенге саяды. Жалпы еңбек маңдай теріңді ағызып тұрып еңбек етпесең саған біреу аузыңа ас салып бермейді ғой. Еңбек бар жерде өмірің гүлденіп, әр күнің түрленіп, ғажайыпқа толы түрге еніп жаның жадырап қалары сөзсіз. Еңбек барда қуанышың мен шаттығың толық, еңбек барда уайымың мен қайғың жоқ болып, еңбекпен тапқан ныныңды жеп, еңбектің балдай тәтті жемісін тамсана отырып жейтін боласың. Бір ауызбен айтқанда еңбек етсең көйлегің көк, қарының тоқ болады. Әлемдегі ең керемет және қажетті заттар да, қандай іс болмасын, қандай жаңа бастама болмасын бәрі де еңбектің көмегімен жасалған.
Қоғамда адам өміріне қажетті мамандық, салалар көп, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік атқарып жүрген еңбектері бар. Адам өміріне барлық сала ауадай қажет. Сол салаларды меңгеру арқылы адамдардың өзара қарым-қатынатары толыға түседі. Жоғары оқу оқып, арнайы бір саланың маманы болып елге қызмет ететін маман иелері көп. Олар мемлекеттік тұрғыда ел үшін деп қызмет етіп, еңбектерінің жемісін көріп отырған жандар. Олардың жасап жатқан еңбектері әр мамандықтың ішінара күніне қарай аталып өтіліп жатады. Ал арнайы мамандығы жоқ, бірақ таңның атысы мен күннің батысына дейін күн демей, түн демей еңбек қып жатқандар қаншама десеңізші. Олардың еңбектері бағаланып, мемлекет көлемінде дараланып жатыр ма?! Жоқ, олардың еңбегін бағаламақ түгілі, күл болмасаң бүл бол дегендей, олардың жасаған еңбегін жеп қоятын, қара жұмыстарын жасатып алып ақысын бермей кететін жандар өте көп. Жұмысын жасатып ақысын бермей қалу біздің дүниемізге сай емес. Дей тұрғанмен еңбек еткен жандар далада қалмасы анық. Еңбек бәрін жеңбек!
Ақ адал жұмысының арқасында дараланып, еңбегімен елге сыйлы ұлтымыздың азаматтары мен азаматшаларын келіп жеткен еңбек күнімен құттықтаймын!





Пікір жазу