08.10.2023
  406


Менің атым Қожа

 


Менің атым Қожа фильмі 1963 жылы Абдолла Қарсақбаевтің алғашқы режиссерлік жұмысы ретінде көрерменге ұсынылды. Фильм желісі Бердібек Соқпақбаевтың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Менің атым Қожа» атты әйгілі повесі арқау болған. Жазушы фильм сценарийін Ниссон Залеранскиймен бірге жазған.


Аты аңызға айналған бұл фильм бүгінгі күнге дейін  өзінідік орнын жоғалтпаған туынды. Оның негізгі себебі оқиға желісінің шынайылығы, кейіпкерлердің қарапайым диалогы және ішкі сезімдерін көрерменге жеткізе білген кәсібилігінде. Көркемфильмді көру барысында Қожаның қылықтары, сезімдері, тіпті қателіктері мен сотқарлығы арқылы әрбір адам өзінің балалық шағындағы өзін еске түсірері анық.


 


Қожа қандай бала ? 


Шынымен сотқар ма, біз фильмде  Қожаның өзімен өткізіп жатқан күресін көреміз, ол өзін-өзі қалыптастырып жатқан, балалықтан даналыққа өзін дайындап жатқан тұлға ретінде көре аламыз. Оның бойындағы сезімдерінің арпалысын, анасымен әжесіне деген оның құрметі, Жанарға деген сезімі және Жантапсен бәсекеге түсуі арқылы ол өзін қалыптастыруда. Оқиға барысында он екі жасар Қожаның кез-келген оқиғаға өзіндік көзқарасы бар екенін көруге болады. Қожа өзінің әрбір ісін саралай білген, жасаған әрекеттерінің қате екенін мойындай білген және әрдайым болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Қожа өз армандарын түс көру арқылы жеткізеді. Бұл фильмнің мен үшін тағы бір ерекшелігі Қожа кеңестік идеологияға өзі білмей қарсы шығуы. Советтік идеологияға Қожаның еркіндігі ұнамайды, осы себептен де барлығы бірігіп оны тәрбиелеуге тырысады. Ал Рахманов ағай бір-біріне қарама қайшы екі көзқарастың ортасында қалады. Қоғамның өзгерісін қолдағанымен Қожаның да өз көзқарасын құрметтеуге тырысқан кеіпкер ретінде бейнеленген. 


 


Режиссердің шеберлінің арқасында Қожаның бейнесі арқылы сол заманғы әлеуметтік жағдайларды да жеткізе білген. Оның бір айқын дәлелі Қожаның әкесінің соғыста қайтыс болуы, қазақ ауылындағы советтік тұрмысты бейнесі,дүкедегі ұзын-сонар кезек, оқушылардың пионер қатарына өтуі, қызыл галстук, оқушылардың шөп шабу, қой қырқымына баруы сынды оқиғалар. Сонымен қатар Совет идеологиясының дінге қарсы болғанына қарамастан Қожаның әжесі арқылы қазақ даласындағылардың дінге беріктігін көрсете білген. Әжесінің аузынан “Алла” сөзін түспейді, Мұхаммед пайғамбардың есімі де  аталады. 





Пікір жазу