05.10.2023
  1231


Автор: Республика күні

Республика күні 25 қазан

Бүгін міне қазан айының 25-ші жұлдызы. Яғни Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған Республика күні. Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. Көптеген мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарында Республика күніне іс-шаралар өткізіліп, ел туралы, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалады. Концерттік қойылымдар қойылады. Бұл күн расында да тарихқа алтын әріптермен жазылған, Қазақстан Республикасы болып танылған күн.
1990 жылдан бері мінеки арада қаншама жыл өтіп, еліміздің еңсесі көтерілді, өзінің шекарасы бар, тілі мен діні бар, салт-дәстүрлері қалыптасқан, Ата заңы үн қосқан, Әнұраны шырқалып, Елтаңбасы төрден орын алып, көк байрағы көгінде желбіреп тұр. Бір сөзбен айтқанда төрт құбыламыз тең. Осы күнге жеткізген Жаратқанға мың алғыс айтамыз! Тәуелсіздіктің ақ таңынын шырайлы атып, күн күлімдеп нұрын шашарын сақтап қалу үшін, айымыз жарық, жұлдызымыз аспанымызда жарқырап тұру үшін еліміздің ынтамағы мен бірлігін сақтауымыз керек. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ұлттар арасындағы сыйластық жанданып, ынтымақтығы берік болса біздің қамалды ешкім құлата алмасы анық.
Ендеше, Тәуелсіздіктің ақ таңына жол ашқан 25 қазан, Республика күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! Жүзіміз жарық болсын.





Пікір жазу