05.10.2023
  525


Автор: Республика күні

25 қазан Республика күні

Республика күні Тәуелсіздіктің ақ таңының атуына бастау болған күн. Дәл осы күннен бастап күніміз шуақ шашып, айымыз күлім қағып, жұлдызымыз жымың қаға түсті. Бұл күнді сан ғасырлар бұрын ата-бабаларымыз аңсап кеткен. Хандық дәуірді еске алар болсақ еліміздің аспаны ашық болуы үшін, кең байтақ жерімізді сақтап қалу үшін қаншама батырларымыз өмірден өтті емес пе?! Одан бері қазақтың маңдай алды зиялы қауымы елім, жерім, тілім, дінім деп арман еткен Тәуелсіздік осы емес пе?! Абай атамыз бастаған, Ахмет Байтұрсынов қоштаған қазақ балаларын сауатты болуы үшін қаншама мектеп, медреселерді аштырып, ұлт үшін, ұрпақ үшін қызмет еткен жандар қаншама, «Кел балалар оқылық» деп балаларды оқуға шақырған Ыбырай Алтынсарин атамыздың еңбегі қаншама. Міне осындай үлкен игі істердің арқасында қазақтығымыз сақталып, елі үшін жанын беруден тайынбаған желтоқсаншы жастардың арқасында осы күнге жетіп отырмыз емес пе?!
1990 жыл, 25 қазан күні қабылданған декларация Тәуелсіздіктің ақ таңының атуына, қазақ елінің Қазақстан Республикасы болып бойын тіктеуіне жол ашты. Дәл осы күнді, яғни 25 ші қазан декларация қабылданған күнді «Күн шуағын шашқан күн» деп ауыз толтырып айта аламыз. Ендеше, Күн шуағын шашқан күн болып табылатын «Республика күні» құтты болсын Қазақ елі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!





Пікір жазу