05.10.2023
  155


Автор: Жібек Ысқақова

Ұстаздар ол...

Ұстаздар ол... ғажайып,
Көңілге нұр себетін.
Шәкірттерге әрдайым,
Бар жақсысын беретін.

Ұстаздар ол... ізгі жан,
Білімге жол бастайтын.
Шәкіртіне білгенін,
Үйретуден қашпайтын.

Ұстаздар ол... еңбекқор,
Шамнан шырақ жағатын.
Балалардың әрқашан,
Көңілдерін табатын.

Ұстаздар ол...ерекше,
Көңілге күй сыйлайтын.
Жақсы көріп шәкіртін,
Жамандыққа қимайтын.

Ұстаздар ол... асылдар,
Суыққа еш тоңбайтын.
Білімі мен тәрбиесін,
Шәкіртіне арнайтын.

Ұстаздар ол... сұлулық,
Өмірге сән беретін.
Жас өркенді қатайтып,
Бойына нәр беретін.

Ұстаздар ол... бірлестік,
Ынтымақпен жалғасар.
Сыйластықты тұмар қып,
Әр сөзіне бал қосар...

Жібек Искакова 5.10.2023 жыл








Пікір жазу