04.10.2023
  188


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Менің де әкем болған

МЕНІҢ ДЕ, ӘКЕМ БОЛҒАН
Жүргендей әкесі бар, бәрі көкте,
Өзекте, өлмейтұғын кәрі өкпе!
Адамдар!
Астамшылдық жасамаңдар,
Менің де, әкем болған, әріректе..


Оздырып, жүрегімнің жалын ішін,
Жүйкемді жұлмалайды сағынышым.
Менің де, әкем болған бір кездері,
Төгілген, мейірінің, жарығы шын!


Менің де әкем болған білесің бе?
Қуаныш, өкінішім бір өсуде
Өкінсем, әкем бүгін болмады деп,
Қуанам, жол сап берген күресуге.


Менің де, әкем болған, сонау жылы,
Әкесі тірілердің, сол-ау шыңы.
Құны жоқ, көп әкені аяп қалам…
Бұл ғұмыр, тойдырғанба, жолаушыны?!





Пікір жазу