04.10.2023
  116


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Күн батады

КҮН БАТАДЫ…
Күн батады, таң атып, күн батады,
Шолжаңдап жүр санамда, мұң қатары.
Бекітіп ап, есігін нұрлы бөлмем,
Жырмен жанды жібіт деп, үн қатады.


Күн батады, таң атып, күн болады,
Көрінгенге, мал қуған, күң болады.
Асма болар, рұқсатсыз, жеген астан,
Сонда ұлтын қорлаған, кім болады?


Күн батады, таң атып, түн келеді,
Бүгін тағы бір күнің дөңгеледі.
Жаза бассаң жолыңда жөнделіп ал,
Шығарыңды бұл түннен кім біледі?!


Күн батады, түн келіп, таң атады,
Бақ бермейді, малыңның, сан атағы.
Алма кезек дүние, айналатын,
Түзеп ниет, қарсы ал, жаңа таңды!





Пікір жазу