04.10.2023
  90


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Шіркін есік

 


ШІРКІН ЕСІК..!
Келген соң, ұстап өмір тұтқасынан,
Мекенім болса дейміз құт қасынан.
Арманды жақсы көріп әрекетсіз…
Ренжиміз, жапқандай Күн, бұлт басынан.


Ермеміз, сынап сынды пікірі жоқ,
Құмармыз сөз бәйгеге, күпірі көп.
Жүргенде кердең қағып.
Бар жақсылық…,
Жойылып, жатыр жүйе үкімі боп!


Шіритін дүниені алға тартып,
Тізгінін ғұмырының, барға артып.
Кейбірі білмейді-ау, түбі келіп,
Боларын, бауырлардан, жанға артық!


Не үшін, жүрсің босқа сыр ағытып?
Шығарсың, алғандай жау, сірә ұтып.
Мақсаты, мақшарды бір сезбегенді,
Ұқсатам, ібіліске шырамытып!


Аспанда, көкіректер жүр тіресіп,
Жерінде тұлғалардың, күңкіл есіп!
Сырын да, сынағын да, қосып беріп,
Адамды, адам еткен шіркін есік!





Пікір жазу