01.10.2023
  341


Автор: Жібек Ысқақова

Қазыналы қарттарым сіздер барда

Қазыналы қарттарым сіздер барда,
Жай-күйіміз жанданар, көңіліміз.
Көшбасшысы әр үйдің сіздерсіздер,
Ақ батаңмен гүлденер өміріміз.

Қазыналы қарттарым сіздер барда,
Болар әркез жанымыз жайма шуақ,
Жүрсеңіздер көш бастап ортамызда,
Нәр аламыз жанданып жанға қуат...

Қазыналы қарттарым сіздер барда,
Үйімізде көп біздің мерекеміз.
Отбасында қуаныш, шаттық орнап,
Сіздерменен артады берекеміз.

Қазыналы қарттарым сіздер барда,
Қуантады біздерді гүлді көктем.
Болса-дағы сары күз салқындары,
Жаздың жайма күндері көңілді еткен.

Қазыналы қарттарым сіздер барда,
Мұңаймаймыз, тербейді бақыт бізді.
Аман жүрші қарттарым, ауырмаңыз,
Жалғап тағы көш бастап жарқын ізді...

Жібек Искакова, 1.10.2023 жыл








Пікір жазу