23.09.2023
  50


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Мен қорықтым

Мен қорықтым,


Тағдырдың қысымдарынан,


Жанымның қысылғанынан.


Бал беріп, балдай адамым


— «У» қосып ұсынғанынан.


 


Мен қорықтым,


Кінəсіз жазалы болудан,


Сезікшіл мазалы болудан.


Доспын деп, төріме шығар


Дұшпанның мазағы болудан.


 


Мен қорықтым,


Арсызға алданып қалудан,


Имансыз саналып қалудан.


Өмірдің баспалдағында,


Қисық кірпіштей қиюы кетіп,


Қисынсыз қаланып қалудан..!


 





Пікір жазу