23.09.2023
  61


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Келмеді шамам

Сағындым деген сөзіңіз, ем еді бізге, Келбетіңізді, керімсал теңедім күзге. Жүрегіңізге жасыра бермей, сезімді, «Арманға алып кетемін» — демедіңіз бе?!


 


Түсіме жиі, əйтеуір кірмедіңіз де, Күлгеніңіз де керім ед, жүргеніңіз де.
Шуағын төккен шақтардың, шаншудай болып, Шымшылайтынын жүректі, білмедіңіз бе?!


 


Жанарымызға ілкі жас, ілінді ме екен, Көңілсіз тартқан, күнім мен түнімді нетем?! Күнікей қыздай шықпадым күннің астынан, Ертегі қыздан, үмітің үзілді ме екен?!


 


Сүрініп тұрдым, жылжуға келмеді шамам, Қауқарсыз екен, жер басып жүргенмен адам. Махаббат деген осы ма?!
Құрып кетсінші...
«Түйме қыздың да» бақытын бермеді маған..!


 





Пікір жазу