23.09.2023
  50


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Ақпандағы арманым

(өзіңе ғана)


 



Сіз бір кезде жүрегіме еге боп, Бір бақытқа жетелеген едіңіз.
Сол бір күннен, бір естелік неге жоқ, Емес пе еді, ең аяулы кезіміз.


 


Емес пе еді қыстың соңғы күндері, Босатпаушы-ек, желі ішіне үңіліп. Жүректерде күтпеген ой гүлдеді, «Алақайлап» аппақ сезім жүгіріп.


 


Армандаушы-ек шыны ішінде шынайы, Шынайылық, шын ғашыққа ұнайды. Бір кездері, біз жасаған қиялдар, Құзар шыңнан қүлдырайды, құлайды.


 


Енді маған, сыр айтпайды бақтар да, Қалдырғанбыз бəрін сонау, ақпанға. Аппақ қармен еріп кеткен арманым, Мазалама, мен егіліп жатқанда.


 


Мен өзіңді теңегенмін, қыранға, Қыран ғана, мендік ойға шыдарда. Жанарымнан соңғы тамшы үзілді, Жоқ боп кетсем жақсы ма еді бұданда.


 


Кешір мені шақырған соң алдағым, Көтергенмін, ауыр ойдың салмағын.


 


Мен өзіңді қиып кете алмадым, Арманымдай сүйіп кете алмадым. Өмірімсің, өмірімсің ақпанда,
Аппақ қардан аршып алған ардағым..!





Пікір жазу