16.09.2023
  461


Автор: Отбасы күні

Отбасымыз аман боп!

Шаттанайық, күлейік,
Тыныш, бейбіт заман боп!
Жадырайық, жайнайық,
Отбасымыз аман боп!
Көңілдерді мұң баспай,
Бар жақсылық орналсын!
Жаратқаным жар болып,
Қуаныштар жалғансын!
Отбасының жандары,
Аман болсын лайым!
Әр істері оң болсын,
Жар боп әркез Құдайым!
Қиындықтар болмасын,
Жарық беріп Күн, Айың!
Саулықтарың мықты боп,
Күлімдей түс әрдайым!
Құт-береке көп болып,
Арта берсін береке!
Жалғай берсін әр жылды,
Отбасылық мереке!
Күйі түспей көңілдің,
Жандана берсін өмірің!
Отбасы ол тірегің,
Өз-өзіңе сенімің!
Отбасымен бір тойла,
Қуанышты, шаттықты!
Отбасымен бір өткіз,
Баға жетпес уақытты!
Бақыт берсін отбасың,
Жақсылыққа жетелеп!
Күлімдей түс, шаттана,
Күнді өткізіп керемет!
Амандығын берсін тек,
Отбасыңа Құдайым!
Саулық тілеп, амандық,
Дұғамды мен қылайын!
Әумин!





Пікір жазу