16.09.2023
  213


Автор: Отбасы күні

Құтты болсын бүгінгі

Құтты болсын бүгінгі,
Отбасының күні бұл!
Қуанышта, шаттықта,
Өтсін әрбір күнің бұл!
Арайлы таң шуақты,
Таң арайын сыйласын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын жинасын!
Шаңырақта шаттығы,
Еселеніп, көбейсін!
Сыйластықта үн қатар,
Тыныстары кеңейсін!
Жайма-шуақ таңдары,
Қуандырсын нұрымен!
Бұл-бұл құстар ән салып,
Шаттандырсын үнімен!
Керегесі кең болып,
Терезесі тең болсын!
Отбасының жандары,
Әр уақытта бар болсын!
Сыйластықта үн қатар,
Жан тербейтін ән болсын!
Балаларың аман боп,
Қуанышқа бөлесін!
Самал желдің әуені,
Жандарыңды тербесін!
Отбасының күнінде,
Жарқырағын, күлімде!
Раббым Алла сыйласын,
Бап шаттығын жүзіңе!
Берік болып отбасы,
Шайқалмасын шаңырақ!
Аман болып отбасың,
Жүргін сәтті адымдап!
Әумин!





Пікір жазу