16.09.2023
  169


Автор: Отбасы күні

Отбасының күнінде

Отбасының күнінде,
Бар жақсылық орналсын!
Шаттықтарың көбейіп,
Қуаныштар жалғансын!
Арайлы таң шуақты,
Сыйлай берсін күндерін!
Батар күнің әрдайым,
Берсін шатты үндерін!
Отбасында артсын тек,
Ынтымақ пен береке!
Отбасының күнінде,
Тойлай берсін мереке!
Мерекені тағы да,
Жалғай берсін мереке!
Сыйластықтар жанданып,
Жүрсін үйді тербете!
Мықты болып саулықтар,
Қиындықтар болмасын!
Отбасыны қашанда,
Жаратқаным қолдасын!
Болсын дәйім амандық,
Шуақты күн көп болып!
Болсын дәйім денсаулық,
Ауру-сырқау жоқ болып!
Аман болсын балалар,
Көңілдері тоқ болып!
Аман болсын отбасы,
Қайғылары жоқ болып!
Отбасының күнінде,
Күлімдесін барша жан!
Орындалсын лайым,
Армандары аңсаған!
Әумин!





Пікір жазу