16.09.2023
  208


Автор: Отбасы күні

Аман болсын отбасы

Аман болсын отбасы,
Сыйластығы жанданып!
Шаңырағы биік боп,
Бар жақсылық арналып!
Отбасының лайым,
Керегесі кең болсын!
Шаттықты боп шаңырақ,
Терезесі тең болсын!
Мерейлі боп отбасы,
Үлгі болсын басқаға!
Отбасында бірлік боп,
Жүрсін бәрі бақ таба!
Отбасының мүшесі,
Жадырасын жандары!
Қуанышта сәтті боп,
Ата берсін таңдары!
Ырыс пенен ынтымақ,
Қона берсін бақ болып!
Жаратқаным жақсыға,
Жүрсін әркез жақ болып!
Ұлдарыңыз қуантып,
Бақыт берсін лайым!
Қыздарыңыз қуантып,
Шаттық берсін әрдайым!
Мықты болып денсаулық,
Амандықта болыңдар!
Отбасылық көңіл-күй,
Күшті болып, толыңдар!
Бақ-береке орнасын,
Дәулеттерің көбейіп!
Қуаныштар жалғансын,
Ырыстарың кеңейіп!
Әумин!





Пікір жазу