10.09.2023
  541


Автор: Шөмішбай Сариев

Отаным

Отаннан артық неміз бар,
Халқым деген теңіз бар,
Тамыры тартқан тереңнен,
Ұлтым деген негіз бар.
Отаннан үлкен байлық жоқ,
Отаннан асқан айбын жоқ.
Отаннан үлкен Бақыт жоқ,
Отаннан үлкен қайғым жоқ!
Отаным менің барым да,
Қазынам қымбат нарым да,
Жігерім қайрат намысым,
Ар-ожданым арым да!
Отанмен бірге тұлғамын,
Жер басып осы тұрғаным,
Отанды қорғау парызым,
Қазақ үшін құрбанмын!
Отан ғой менің іргелім,
Отанға келіп кіргенім.
Қасиетті киелі,
Мен Отанмен біргемін!
Тәуелсіз атқан құба таң,
Бостандық сені ұнатам.
Жайылған Елге сәулесі,
Отаным менің – НҰР ОТАН!
Ақ батасы атаның,
Даламдай кең бір жоталым,
Жасай бер мәңгі Ел үшін,
ТӘУЕЛСІЗ МЕНІҢ ОТАНЫМ!!!

16 – 21 ҚАРАША 2011 ЖЫЛ





Пікір жазу