10.09.2023
  48


Автор: Шөмішбай Сариев

Түн

Сүйемін, сүйіп өтем түн баласын,
Түн болса Аймен бірге мұңданасын.
Құс жолы жұлдызды аспан, түн болмаса,
Ақтарған аппақ таңға кім наласын?!
Көктем кеп бүршік атар гүлге басты,
Ай Жерге жұлдыздарын бірге шашты.
Бар сырды оңашада түнге ақтарам,
Сүйеймін оңашада түнге басты.
Естимін жүрегіме үндес үнді,
Басымен бірге ойды бір кешірді.
Масаты мақпал түннен қуат алам,
Ашамын үнсіз іштей түнге сырды.
Беретін сұлулық қой тілге көрік,
Дүние құпиясын бірге көріп.
Сөйлейді, сырласады, сырды ашады,
Түн деген үнсіз ғана тілге келіп.
Көз жетпес айлы аспан ғой бір байтағым,
Жұлдыздарға мың келіп, мың қайтамын.
Махаббатым онымен бірге қонып,
Бар сырды ақтарылып түнге айтамын.
Күнді түнге жеткізіп зырлайды әр күн,
Қайталанбас сәттерді тыңдай қалдым.
Махаббат ғаламыммен көрпеге орап,
Оңаша қалдырған сол түнді айналдым!
Дүниеде не қымбат білдім бәрін,
Ашады осы бір түн кімнің бағын?!
Біз екеуміз білетін бұл өмірде,
Ең қымбат түн құпия, түн жұмбағым!





Пікір жазу