10.09.2023
  57


Автор: Шөмішбай Сариев

Лондон түні

Лондон түні шырайлы,
Көңілің қайда құлайды.
Сағынды ма жүрегім,
Елді ойлап мұңайды.
Лондон түні жұмақтай,
Аққан күні бұлақтай.
Көгімізден самсайды,
Жұлдыздары сұрақтай.
Ойлантады түнгі әлем,
Неге келдім мұнда мен?!
Кейде шалқып тасамын,
Батам кейде мұңға мен.
Құнарлы екен жері де,
Ұлы Британ елі де.
Лондон түні ұйқысыз,
Ұйықтатпайды мені де!
Бір үмітке жетерміз,
Көз ілмедік бекер біз,
Сырласамыз ұйқысыз
Лондонменен екеуміз!





Пікір жазу