08.09.2023
  47


Автор: Шөмішбай Сариев

Дүние сенің жолыңда

Дүние сенің жолыңда,
Ереміз ілбіп соңында.
Бар тағдырың бір ғана,
Бір Алланың қолында.
Дүние сенің ізінде,
Дайынбыз біздер жүзуге.
Сүйеміз бірақ ғұмырды,
Ажал бар дайын үзуге.
Дүние сенен кім асқан,
Табынып саған сырды ашқан,
Сырласады менімен,
Жұлдызың жанған түнгі аспан.
Түніме әрбір разымын,
Ойлардың қаққан қазығын.
Өлшесем мезгіл маусыммен
Көктемі мен жазымын.
Түйе мен аттың қомында.
Бір Алланың қолында.
Құрабан екем мен Адам,
Дүние сенің жолыңда!





Пікір жазу