06.09.2023
  58


Автор: Шөмішбай Сариев

Қазақ тілі қаһарманы

Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 80 жылдық мерейтойына шашу өлең

Айналасы ғалымдарға толы адам,
Жан-жүрегін әзіл-күлкі ораған,
САРЫБАЙЛАР әулетінде ұлы той,
Мерейтойын тойлап жатыр ШОРА ағам!
Ғылым жолын жастық жағы таңдаған,
Қалап алған жолдан әсте танбаған,
Қазақ тілі қайғысымен ауырып,
Ана тіл деп бар ғұмырын арнаған.
Аман қалды талай сойқан өртінен,
Айнымады жан-жүрегі сертінен.
Қуанышы болса бірге қуанып,
Қазақ тілдің бірге ауырды дертімен.
Отқа оранды әрбір шақта өрт кеудең,
Тұлпар тілдің Ер тоқымын ерттеумен,
ШОРА ағамыз шықты СЕКСЕН шыңына
Қазақ тілі – тегін терең зерттеумен.
Тілсіз ел жоқ – жолға алтынды ексең де,
Тілсіз ел жоқ – бар байлықты төксең де,
Тәуелсіз Ел тілі үшін күресіп,
Жеңісіне жетті бүгін сексен де!
Ардың сүті – Ана тілі досындай,
Сол тіл үшін сан күресті шошынбай,
ШОРА аға жолдарынан басталған,
Қазақ тілі қаһарманы осындай!
Сен кепілсің, бұл шындыққа мен кепіл,
Ғасырменен Заманға ел көпір,
Бүгін міне, сексен деген тағында,
Қазақ тілі – қаһарманы төрде отыр!





Пікір жазу