04.09.2023
  92


Автор: Шөмішбай Сариев

Бәйге

Көсіліп бір қолтық созар қайда күн?..
Жарыс — өмір! Жарысады қайда?
Кім?.. Ұлан асыр ұлы топқа қосылып,
Бағын сынап ұшты құстай бәйге атым!
Намыстан ба келем іштей қайғырып,
Жүргені жоқ есек пенен тай мініп.
Жетем десең жеткізбейтін жүйріктер,
Айналамыз арғымақ пен сәйгүлік.
Дүбірлетіп тұяғына күй бітіп,
Бәрі, бәрі келеді іштей сый күтіп.
Қарақшыға жақындарда жан салмай,
Атым менің өте шықты құйғытып.
Алдан атып арман таңым — арайым,
Тұлпарлардың шаңға көміп талайын.
Бағым жанып, топты жарып түсімде
Атым озды, бәйгемді бер, ағайын!





Пікір жазу