01.09.2023
  65


Автор: Шөмішбай Сариев

Сапарлар...

Сапарлар...
Сан тағдырды сыйлапты алдан,
Сапарлар...
Сан тағдырлы күйді ақтарған,
Тарихи теңіздердің толқынында,
Қаншама корабльдер қирап қалған.
Күнартынан
Зымырап күн өтуде,
Асыққан
Құпиясын сыр етуге.
Бір қатесі жетеді капитанның
Корабльдіңғұмырын күл етуге.
Қайғылар ұмытылып,
Қалықтар күн...
Айыбын ғасырлардың анықтар кім?
Қатесі емес,
Бастаушы капитанның,
Қатесі емес,
Жолаушы халықтардың.
Уақыт —
Сенің ғана саң күнәң бар,
Тұншығып ұшандарда қалды жандар,
Теңізде жолаушылар саулығы үшін,
Рульде капитандар, қалғымаңдар!
Бақытың боп шығады қай іс келіп,
Адамзат!
Тағдырыңмен сайыс берік.
Үштен бірі көрінер құпиялы,
Тағдыр деген ең алып айсберг!





Пікір жазу