30.08.2023
  407


Автор: Жібек Ысқақова

Ата заңым айбыным

жибек искакова


Құқығымды жақтаған,
Жақсы жолға баптаған.
Ата заңым айбыным,
Адалдықты сақтаған!

Мерекенің ұлысы,
Жайлық сыйлар тынысы.
Ата заңым айбыным,
Еліміздің тынышы!

Қуат берер қорғаным,
Сыйлар елге зор бағын.
Ата заңым айбыным,
Өзің барда тоңбадым.

Заңды сыйлау парызым,
Заңға айтар жоқ арызым.
Ата заңым айбыным,
Өзіңе мың тағызым!

Түсініп ой қатасын,
Сыйлайық заң атасын!
Ата заңым айбыным,
Конституциям жасасын!

Дұрыс жүрсең бостандық,
Қадамыңды бассаң нық.
Ата заңым айбыным,
Айтып жүрер дастан қып!

Заңмен жүру дұрысы,
Заңның берік жұмысы.
Ата заңым айбыным,
Жан тербейді тұрысы.

Отызыншы тамызым,
Мерекенің таңысың.
Ата заңым айбыным,
Қазағымның жанысың!

Ата жолын ұсталық,
Заңға қарсы шықпалық.
Ата заңым айбыным,
Арыстандай күш алып.

Жаса, жаса ата заң,
Қалған бізге атадан.
Ата заңым бір сен деп,
Жүрек жырлап, қатады ән!

Жібек Искакова 30.08.2023 ж





Пікір жазу