28.08.2023
  40


Автор: Шөмішбай Сариев

Жаныма жан сырымды жолдас еттім

Жаныма жан сырымды жолдас еттім,
Темекі у қайғыны жолда шектім.
Үмітпен арманыма жетем деген,
Бойында жігер болмай болмас екпін.
Жаныма шабыт мұңды досым еттім
Өтетін көпірлерді қосып өттім.
Егетін топырақты құнарлы етіп,
Дәнімді баптап-барлап сосын ектім.
Жаныма жақсылықты серік еттім
Жолыма мейірімдерді төгіп өттім.
Келеді көз алдына көгі көктің
Жер-аспан екі арасын өмір еттім.
Бағымды мен білмеймін кім алғанын,
Қайсы дос, қайсы дұшпан біле алмадым.
Достарды қолдан келсе ренжітпей,
Өмірде риза ету бір арманым!

8 тамыз 2002 жыл





Пікір жазу