27.08.2023
  1979


Автор: Тұсаукесер тойы

Тұсаукесер тойы батасы

Құтты болсын ұлыңның,
Бүгін қадам басқаны!
Әр қадамы оңды боп,
Ашық болсын аспаны!
Тұсауың бұл кесілген,
Күрмеуің бұл шешілген!
Кұтты болсын, тек алға,
Болсын дәйім тек алда!
Әрбір күні, әрдайым,
Жаратқаным жар болсын!
Ұлың болып бақытты,
Сәтті атар таң болсын!
Тәй-тәй басқан ұлыңның,
Жорытқанда жол болсын!
Құтты болып қадамы,
Несібесі мол болсын!
Алла қолдап әрдайым,
Денсаулығы зор болсын!
Жетіп арман, мақсатқа,
Әрбір ісі оң болсын!
Озат оқып оқуын,
Барша адам таң болсын!
Қуантып ата-анасын,
Әр ісінде мән болсын!
Сыйлы болып достарға,
Жүрісінде сән болсын!
Бәрін айт та, бірін айт,
Шырқап айтар ән болсын!
Әумин!
Жібек Искакова





Пікір жазу