27.08.2023
  654


Автор: Тұсаукесер тойы

Құтты болсын қызыңның

Құтты болсын қызыңның,
Бүгін қадам басқаны!
Күн күлімдеп, нұр шашсын,
Ашық болып аспаны!
Дені сау боп лайым,
Жүзінде мұң болмасын!
Аман болып әрдайым,
Жаратқаным қолдасын!
Тәй-тәйлаған балапан,
Оң болсын әр қадамың!
Алға қадам баса бер,
Биік болып талабың!
Әрбір атар таңдарың,
Қуанышын сыйласын!
Жаратушы иеміз,
Бар жақсыны жинасын!
Сүрінбегін ешқашан,
Қадамдарың сәтті боп!
Қуана түс шаттана,
Ішер асың тәтті боп!
Әр күн сайын қызым-ау,
Таусылмасын шаттығың!
Қуанышқа бөлесін,
Сәттілікті шат күнің!
Алға қадам баса бер,
Көңілді ән тербелеп!
Ата-анаңа жүре бер,
Әрдайым сен еркелеп!
Жоғалмасын ғайып боп,
Керек жандар ең керек!
Әумин!
Жібек Искакова





Пікір жазу